Дамыту бағдарламасы

  • ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                                  Үштөбе қалалық округі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

    Қаратал ауданы, Алматы облысы

    (аудан және облыс атауы)

                                                  2019-2021  жылдарға

     

     

     

     

    Әзірлеуші: «Қаратал ауданының Үштөбе

    қаласыәкімінің аппараты» ММ

     

     

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы

    -2019-2021 жылдарға арналған Алматы  облысы Қаратал ауданы

    Үштөбе қалалық округібойынша даму бағдарламасы;

    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

    -Талдықорған облысы әкімінің 1995 жылғы 6 қазандағы №1-6ө өкімімен Үштөбе қалалық округі болып құрылды; Үштөбе қаласы 1928 жылы құрылды. Үштөбе қалалық округінің орталығы Үштөбе қаласы.

    - халық саны  26259 адам;

    - Үштөбе қалалық округіне 4 елді мекен кіреді: Үштөбе қаласы, Ойсаз, Достық және Үшкөмей ауылы.

    -  Округтің жалпы аумағы 19,87 мың ш/м;

    - жергілікті қоғамдастық жиналысы 2014 жылдың 09 сәуір айында құрылып, өкілеттік берілген.

    - жұмыс жасауға сайланған мерзімі -  5 жыл;

    - жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 11.

     

     

     

     

     

    II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     

    2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

     

    2019-2021жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты Үштөбе қалалық округінің   дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019  жылғы 1 қаңтардағы халық саны  26259 адамды құрайды

    Үштөбе қалалық  округі  бойынша 11 ЖШС, 92  ШҚ, 177  жеке кәсіпкер тіркелді.

    Мал шаруашылығы мен егін шарушылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі. Өнеркәсіпте негізгі бағыт балықтар және сүт өнімі.

    Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

    Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

     

    Бюджет пен меншік кірістері

    2018 жылға  қалалық бюджеттің меншікті кірісі 151%-ға орындалып, 128,7 млн. теңгені құрады, болжамы  101,0 млн. теңге.

     Шығыс 2018 жылға 100%-ға  орындалды, 145,5 млн теңге жұмсалды, болжам бойынша 145,5 млн теңге.. Үлестік келісім – 263,5 млн теңге.

    -         Қалалық округтің жарық жүргізуіне – 17 млн 156 мың теңге;

    -         Санитарлық тазалықты сақтау – 2 млн 593 мың теңге;

    -         Абаттандыру және көгалдандыру – 15 млн 362 мың теңге;

    -         Отын сатып алу – 1 млн 254 мың теңге;

    -         Байланыс қызметі – 797 мың теңге;

     

    Өнеркәсіп

                Қалалық округ бойынша 11 шағын өнеркәсіп жұмыс істейді, олар:  «Үштөбе Айдын» ЖШС сүт өнімдерін өндіру, Прибалтикаға жеткізілетін көксерке филесін экспорттауға бағытталған кәсіпорын, балықты қайта өңдеу «Қаратал Балық» ЖШС, «Қамқор» ЖШС сыртқы киім өндірісі,  «Тамас» ЖШС пеллет биоотынын өндіру, «Алатау ИПК» ЖШС қағаз және қағаз бұйымдарын өндіру филиалы, «ЖЭТ» ЖШС, электр энергиясын өндіру және тарату, «Жылту Орталылығы» ЖШС, жылу өндірісі, «Қаратал су» ЖШС суды жинау, тазарту және тарату, кәріз жүйесі.

     

    Шағын және орта кәсіпкерлік

     

    Қалалық округ бойынша  шағын және орта кәсіпкерлік 1313, 11 ЖШС-гі, 92 ШҚ, 177 жеке кәсіпкер бар. 191 сауда обьектісі, оның ішінде 3 шағын маркет және 177 дүкен жұмыс істейді. 145 тұрмыстық және қызмет көрсету обьектілері, 29 қоғамдық тамақтану обьектілері жұмыс жасайды.

     

    Ауыл шаруашылығы

    Үштөбе қалалық округіне қарасты 9543 га ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде жайылымдар - 5275 га, шабындық -  3868 га.

    Соя 350 га жерге егілген.Мал басы саны МІҚ-2776 бас, сиыр-552 бас, ҰММ-3890 бас, жылқы-306 бас, құс-20805.

    Қалада 391 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның ішінде 268 трактор, 110 комбайн 13 басқалары.

     

    Туризм

    Қалада туризм инфрақұрылымының 3 объектісі бар, оның ішінде  қонақ үй: «Бақыт и К»,  «Нурбаев К.О.» ЖК және «Айгерим» ЖК. 2018 жылы 4 млн 465 мың теңгеге қызмет көрсеткен, келушілер саны 478 адамды құраған, 7 адам жұыспен қамтылған.

     

    Сумен қамту және су бұру

    Үштөбе қаласы орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген. Абоненттер саны 3743 бірлікті құрайды.Қалада ұзындығы 119,3 шм. топтық су құбыры жұмыс жасайды, оның 74,8 шм. Үштөбе қаласы бойынша тарату жүйелері болып табылады. Үштөбе қаласының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    Қалалық округ тұрғындарын 100% орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен  қамтамасыщ ету үшін  су құбырларын 153,4 шм-ға ұзарту қажет.

    Орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне 7 мектеп, 3 бала бақша, ОАА, мешіт, темір жол ұйымдары, 191 сауда  обьектілері мен басқалары қосылған. 

     

    Электрмен қамту, жылумен қамту

    Үштөбе қаласы бойынша электр өткізу желілерінің жалпы ұзындығы 429,2 шм құрайды. Қалалық округке  электр қуатын жеткізуші ұйым – «ТАТЭК» АҚ-ның Үштөбе АЭЖ. Аудан экономикасының дамуымен электр қуатын тұтыну өсімінің орташа жылдық серпіні 8%-ды құрады және бұл көрсеткіш артуда. Бүгінгі күнге Үштөбе қаласының 27 көшесі жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған. Барлығы қала бойынша бюджеттік ұйымдар үшін 12 автономды электрстанциялар бар.

    Қалалық округте орталықтандырылған жылу жүйесі «Жылыту орталығы» ЖШС-гі істейді. Оған 7 биік үйлер мен жеке үйлер, 5 мектеп, 4 бала бақша, ОАА, 3 темір жол ұйымдары мен 40 әр түрлі ұйымдар қосылған

     

    Көлік және коммуникация

    Үштөбе қаласы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 158,1шм. құрайды. Қатты жабындысы бар жол 75 шм немесе 40,2% құрайды.

    2018 жылы Төле би көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орташа жөндеу жұмыстары Ақын Сара, Мартынов, Момышұлы, Құсмолданов, Проинин, Оспанов және Исаев көшелеріне 602 млн теңгеге жүргізілді.

    Қалалық округ бойынша 164 көше бар, ұзындығы 143 шм, оның 21-не ғана түнгі жарық жүргізілген, ол 19% құрайды.

    Үштөбе қалалық округі бойынша көпқабатты үйлердің ауласы мен көшелерін  абаттандыру үшін 37 млн 602 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

     

    Білім

    Үштөбе қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 7, олар:

    1. КММ №51 Морозов атындағы орта-гимназия мектебі, 1929 жылы салынған, типтік ғимарат,мектептің жобалық қуаттылығы 420 орын. Мектепте 3 мектепке дейінгі дайындық тобы бар, онда 75 бала бар, жылыту түрі автономды,1-11 сыныпта 831 оқушы білім алады. Мектеп ғимаратының қасбетіне (фасад) жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

    2. КММ  Б.Римова атындағы орта мектебі, 1974 жылы салынған, типтік ғимарат, мектептің жобалық қуаттылығы 925 орын. Мектепте 2 мектепке дейінгі дайындық тобы бар, онда 50 бала бар, 50 балаға шағын орталық бар, жылыту түрі орталықтандырылған, 1-11 сыныпта  барлығы 878 бала білім алады. Күрделі жөндеу жұмыстары қажет.  

    3. КММ Есемберлин атындағы орта мектебі 1991 жылы салынған, ғимарат типтік, мектептің жобалық қуаттылығы 320 орын. Мектепте 2 мектепке дейінгі дайындық тобы бар, онда 50 бала бар, 50 балаға шағын орталық бар. Жылыту түрі орталықтандырылған. 1-11 сыныпта 281 бала оқиды. 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

    4. КММ  К.Тоқаев атындағы орта мектебі, 1963 жылы салынған, ғимарат типтік, мектептің жобалық қуаттылығы 640 орын, Жылыту түрі орталықтандырылған.  Мектепте 4  мектепке дейінгі дайындық тобы бар, онда 100 бала бар,1-11 сыныпта 711 оқушы білім алады, 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

    5. КММ№13 орта мектебі, 1957 жылы салынған, ғимарат типтік, мектептің жобалық қуаттылығы 636 орын, жылыту түрі орталықтандырылған.Мектепте 2  мектепке дейінгі дайындық тобы бар, онда 50 бала бар, 1-11 сыныпта  барлығы 636 оқушы оқиды, 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

    6. КММ А.Пушкин атындағы орта мектебі, 1983 жылы салынған, ғимарат типтік, жылыту түрі автономдық, жобалық қуаттылығы 1176 орын. Мектепте 2 мектепке дейінгі дайындық тобы бар, онда 50 бала бар,1-11 сыныпта 276 оқушы білім алады. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

    7. Үшкөмей орталау мектебі, 1985 жылы салынған, ғимарат бейімделген, мектептің жобалық қуаттылығы 50 орын, жылыту түрі автономдық.  1-9 сыныпта барлығы 41 оқушы білім алады. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.(ЖСҚ 4060,7 мың теңге).

    Үштөбе қалалық округі бойынша барлығы 3654 оқушы бар. 6 мектепте 45 интерактивті тақта, 9 мультимедиалық кабинет, 7 физика кабинеті, 6 биология кабинеті бар. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған.

    3 мемлекеттік бала бақша: №25 бала бақша 2010 жылы салынған, 216 бала бар, №97 бала бақша 1991 жылы салынған, 260 бала бар, «Балбөбек» бала бақшасы, 2018 жылы салынған, 320 бала бар. Жеке меншік 2 бала бақша: «Мақсат» бала бақшасы 2013 жылы салынған, 45 бала бар, «Нұр» бала бақшасы 2015 жылы салынған, 25 бала бар.

    Қалалық округ бойынша 3-6 жасқа дейінгі бала саны – 1391, оның 1391 немесе 100% қамтылған.

     

    Денсаулық сақтау

    Үштөбе қаласында «Қаратал ОАА» жұмыс жасайды, ол қаланың аудан халқына қызмет көрсетеді. Медициналық мекеме 1979 жылы салынған. Ауруханада 78 дәрігер, 314 орта буынды медбикелер қызмет істейді. 2018 жылдың шілде айынан бастап орталық аурухананың «Б» блогында  күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс алаңы 1891 ш.м. (3 қабатты ғимарат, жертөлесі бар) Жөндеуді «Экспресс Строй» ЖШС ашық конкурс тәсілімен 275 520 000 теңге сомасына 28.05.2018 № 219 ГЗ.мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес жүзеге асырады. 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың 13 наурызына дейін Б блогына күрделі жөндеу жүргізілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап "Экспресс Строй" ЖШС белгісіз себептермен жұмысын тоқтатты. 2019 ж. 14 сәуірде Мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес экономикалық сотқа жосықсыз өнім берушіні тану туралы талап арыз берді. 06 Маусымда экономикалық сот "Экспресс Строй" ЖШС-ін жосықсыз деп таныды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасы конкурсты қайта жариялау үшін құжаттарды дайындауды жүргізуде.

    2. 2017 жылы Молдағұлова көшесінде емхана ашылды. Емханада 2 дәрігер мен 6 орта буынды медбике жұмыс жасайды.

    3.Үшкөмей ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті бар. Онда 1 орта буынды медбике жұыс істейді.

    2018 жылы 212 бала туылған, 7 адам қайтыс болған. 2019 жылдың 6 айына бала туу 110, өлім 2 адамды құраған.

     

    Мәдениет және спорт

    Үштөбе қаласында 1 аудандық мектеп кітапханасы бар. Қалада мәдениет үйі салынбаған.

    Қала округі бойынша 59 спорттық обьектілері бар: 1 спорт алаңы, 11 спорт залы, 40 жалпақ құрылым, 1 балалар спорт мектебі, жаңа ашылған спорт алаңы, көшедегі баскетболға, волейболға арналған жаттығу алаңы, 1 шағын футбол алаңы, және  спорт кешені «Панда».

    Жыл сайын дене шынықтырумен айналысатын адамдар саны кобеюде, бүгінгі күнге қалалық округ бойынша ден шынықтырумен айналысатындар саны 7269 адамды құрады немесе 27,6%.

     

    Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

     

    Үштөбе қаласының экономикалық белсенді халқының саны 2018  жылы 12 955  адамды құрады, жұмыспен қамтылғандар саны  12312, өзін өзі қамтығандар 6090 адамды құрады.

    2018 жылы жұмыссыздар саны 640 адам, көрсеткіш – 4,9%, жастар жұмыссыздығы – 2,8 %.

    2019 жылы  1 шілдеге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны 561, 117,0 млн теңгені құрады.

    Қалалық округ бойынша мүгедек саны 783, зейнеткерлер саны 681 адамды құрады.

                Үйде оқитын мүгедек 30 балаға әлеуметтік көрсету 681 мың теңгені құрады. 

     

    Қоғамдық қауіпсіздік.

    Қалада 3 жергілікті полиция пункті бар, 6 жергілікті полиция инспекторы жұмыс істейді. Үштөбе қаласында 12 айда барлық тіркелген қылмыстар саны 345 (2017 жылы 210) құраған

    Қала бойынша қатты қоқыс полигоны жоқ.

     

     

    Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    Үштөбе қалалық округі бойынша  проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

    - Үштөбе-Үшкөмей  ауылының  жолын жөндеу;

            - Үштөбе қаласын су құбырының құрылыс жұмыстары;

    - Кәріз жүйесін жүргізу, жөндеу жұмыстары;

    -Қала көшелері бойындағы арықтарды жөндеу жұмыстары;

            - Төле би, Абдрахман ақын, Қабылиса ақын көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

            - Қонаев даңғылы №80,82,84,86 және Шаңырақ ықшам ауданы №7,12 үйлердің аулаларын абаттандыру;

            - Достық ауылы Исаев көшесі мен Исаев шағын  көшесіне  жарық жүргізу;

     -  Ойсаз ауылына жарық жүргізу

            -  Үштөбе қаласының көшелеріне жарық жүргізу;

     -  Үштөбе қаласындағы 20 пәтерлі,  30 пәтерлі үй салу;

    -  Үштөбе қаласындағы А.С. Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

             -  Үшкөмей ауылындағы Үшкөмей орталау мектебінің шатыры мен жылыту жүйесіне  жөндеу жұмыстарын жүргізу;

             - Үштөбе қаласы С. Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының ғимаратының қасбетіне (фасад) жөндеу;

              - Қатты қоқыс полигоны жоқ;

             - Үштөбе қаласында арық желісін салу үшін ЖСҚ жасау қажет. Көктем мен күз айларында жол жамылғысының бұзылу қаупі бар;

             - Үштөбе қаласы көшелеріне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

             - Достық ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

             - Ойсаз ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

             - Аудандық кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (бұрынғы кинотеатры);

    III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

     

    Іс-шаранын атауы

    Аяқтау нысаны

    Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

    Қаржыландыру көзі

    Іске асыру мерзімдері

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    I.БІЛІМ БЕРУ

    1.1

    А.С. Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

     

    965966,0

    ЖБ

    2020

    1.2

    Үшкөмей ауылындағы Үшкөмей орталау мектебінің шатыры мен жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

     

    4060,7

    ЖБ

    2020

    1.3

    Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы С. Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының ғимаратының қасбетіне (фасад) жөндеу жұмыстарын  жүргізу

     

    10531,3

    ЖБ

    2020

    II. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

    2.1

    Аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

     

    282360,0

    ЖБ

    2018-2019

    2.2

    Аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ жасау жүргізу

     

    48695,0

    ЖБ

    2019

    2.3

    Аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау

     

    200000,0

    ЖБ

    2021

    III. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

    3.1

    Су құбырларын жүргізужұмыстары

     

    550000,0

    ЖБ

    2020

    3.2

    Кәріз жүйесін жүргізу және жөндеу жұмыстары

     

    450000,0

    ЖБ

    2020

    3.3

    Қонаев даңғылы №80,№82,№84 және Шаңырақ ықшам ауданы №7 үйлердің аулаларын абаттандыру (ЖСҚ)

     

    18000,0

    ЖБ

    2019

    3.4

    Қонаев даңғылы №80,№82,№84 және Шаңырақ ықшам ауданы №7 үйлердің аулаларын абаттандыру (ҚМЖ)

     

    102000,0

    ЖБ

    2020-2021

    3.5

    Үштөбе қаласында арық магистральдарын салу ұзындығы 4,7 шм (ҚМЖ)

     

    70400,0

    ЖБ

    2021

    3.6

    30 пәтерлі тұрғын үй салу құрылысы (ЖСҚ)

     

    11170,0

    ЖБ

    2020

    3.7

    30 пәтерлі тұрғын үй салудың құрылыс жұмыстарына

     

    328962,0

    ЖБ

    2021

    3.8

    Үштөбе қаласының көшелеріне жарық жүргізу (ЖСҚ) (тіректер саны 2670)

     

    20000,0

    ЖБ

    2020

     

    3.9

    Үштөбе қаласының көшелеріне жарық жүргізу (ҚМЖ)

     

    114000,0

    ЖБ

    2021

    3.10

    Ойсаз  ауылына жарық жүргізу ЖСҚ (тіректер саны 56)

     

    900,0

    ЖБ

    2020

    3.11

    Ойсаз  ауылына жарық жүргізу ҚМЖ

     

    5000,0

    ЖБ

    2021

    3.12

    Достық ауылына жарық жүргізу ЖСҚ (тіректер саны 227)

     

    3500,0

    ЖБ

    2020

    3.13

    Достық ауылына жарық жүргізу ҚМЖ

     

    20000,0

    ЖБ

    2021

    3.14

    Су құбырларының жөндеу жұмыстары

     

    200000,0

    ЖБ

    2021

     

    IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

    4.1

     

     

    Үштөбе қаласындағы аудандық кітапхананың жобалық сметалық құжаттарын жасау

     

     

    2000,0

     

     

    ЖБ

     

     

    2020

     

     

     4.2

    Үштөбе қаласындағы аудандық кітапхананың күрделі жөндеу жқмыстарын жүргізу

     

     

    40000,0

    ЖБ

    2021

    V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

    5.1

    Үштөбе-Үшкөмей трассасына қатқыл тас төсеу (11 шм)

     

    143000,0

    ЖБ

    2020

    5.2

    Үштөбе қаласының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (6,2 шм)

     

    93000,0

    ЖБ

    2020

     

     

     

      5.3

    Достық ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (10,6 шм)

     

    137000,0

    ЖБ

    2021

      5.4

    Ойсаз ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (1,7 шм)

     

    23800,0

    ЖБ

    2021

      5.5

    Үшкөмей ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

     

    42000,0

    ЖБ

    2021

    VII. БАСҚАЛАР

    6.1