БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді 

Submitted by admin on Ср, 12/09/2020 - 09:19

БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді 

 

1.Сәлеметсізбе, бір ай бұрын мен жекекәсіпкератандым жәнеқазіркеңсетауарларынсатуменайналысамын. Бұрынүлкенкомпаниядажұмысістедімжәне мен үшінміндеттізейнетақыжарналарынтөлепотырғанболатын, қазіргіуақыттаолжердегіжұмыстаншығып, тек жеке кәсіпкерлігіммен ғана айналысып жүрмін. ОсығанбайланыстыБЖЗҚ-ғақандай сома салуымкерекдегенсұрақтуындайды.

 

Жеке практикаменайналысатынадамдардың, жекекәсіпкерлердіңөзпайдасынаБірыңғайжинақтаушызейнетақықорынатөлеуі тиісміндеттізейнетақыжарналарыоның алатын табысының 10 пайызымөлшерінде, бірақжалақыныңеңтөменгімөлшерінің 10 пайызынан кем емесжәнежалақының 50 еселенгенеңтөменгімөлшерінің 10 пайызынанжоғарыемесмөлшердебелгіленеді. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылыеңтөменгіжалақы 42 500 теңгеніқұрайды.

Бұлреттежекепрактикаменайналысатынадам, сондай-ақжекекәсіпкерөзпайдасынатабыстыБірыңғайжинақтаушызейнетақықорынаміндеттізейнетақыжарналарынесептеуүшіндербесайқындайды. Табысыуақытшаболмағанжағдайдажекепрактикаменайналысатынадамдар, сондай-ақ,жекекәсіпкерлерБірыңғайжинақтаушызейнетақықорынаөзпайдасынаеңтөменгіжалақымөлшерінің 10 пайызыесебіненміндеттізейнетақыжарналарынтөлеугеқұқылы.

Жеке кәсіпкер бола отырып, сіз жарналарды аудару жөніндегі агентке айналдыңыз. Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді. Банктер мен ұйымдарда шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы Қазақстан Республикасының«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2. Қайырлы күн!Биылғы жылы қаржылық жағдайымның қиындауына байланысты маған микрокредиттік ұйымға жүгінуге және олардан қарыз алуға тура келді. Қазір мен оны төлей алмаймын, қаражатымтек күнделікті қажеттіліктеріме ғана жетеді. Олар мені сотқа жүгінеміз деп қорқытуда. Айтыңызшы, менен басқа БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені кім ала алады және  аударымдарым туралы кім біле алады? Алдын-ала алғысымды білдіремін.

 

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін. Алайда  қажет болған жағдайда жеке зейнетақы шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олардың жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;

2) соттарға – сот ұйғарымы негізінде олардың жүргізуіндегі істер бойынша;

3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;

4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексерілетін тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) байланысты мәселелер бойынша;

5) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізіндеберілуі мүмкін.

Бұлардан басқа, мәліметтер уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішіненемесе оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша; қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға; салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде; орталық атқарушы органға; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайынғы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға; ХҚКО-ларға салымшының (алушының) өтініші негізінде мемлекеттік қызмет көрсету үшінберілуі мүмкін.

 

3. Жаңалықтардан болашақта ерлі-зайыптылар үшін бірлескен аннуитет жасалуы мүмкін екенін естідім, осыған байланысты сұрақ туындайды, жұбайлар ажырасқан кезде зейнетақы жинақтары бірлесіп жинаған мүлік болып санала ма, жоқ па?

 

ҚР«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кездерінде жинаған мүлкі олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады; ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтері заттық құқықтар санатына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарына ие салымшы даоның жұбайы да оларды пайдалана алмайды және билік те жүргізе алмайды. Бұл өкілеттіктер салымшыға зейнетақы жасына толуына немесе заңда көзделген өзге де негіздерге сәйкесзейнетақы жинақтарын алған кезде ғана қолжетімді болады. Осылайша «БЖЗҚ» АҚ-дағы және салымшы алмаған зейнетақы жинақтары ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып танылмайды.

 

4. Сәлеметсіз бе, мен қазіргі коронавирус індеті кезінде тіпті әйгілі әлемдік компаниялардың да шығынға ұшырап жатқанын көріп отырмын. Сондықтан менің зейнетақы жинақтарым қаншалықты қорғалған? Ертең жинақ ақшамды жоғалтпайтыныма қандай да бір кепілдік бар ма?

 

Уайымдауға еш негіз жоқ, өйткені, қазақстандық жинақтаушы жүйе зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік жүйесімен ерекшеленеді. Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі барлық жинақтардың акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал сенімгерлік басқарушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын БЖЗҚ-ға жинақталуы арқылы да қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, Мемлекеттік корпорация барлық аударылған жарналардың сомасын жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңдегі инфляция деңгейімен есептейді және салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарымен салыстырады.Белгіленген күнге зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ береді. Егер зейнетақы жинақтарының қалдығы инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың есептелген сомасынан төмен болса, онда мемлекет бұл айырманы өтейді. Бұл салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғанын білдіреді және ол  қаржы нарығындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табыстың қандай жағдайда қалыптасатынына байланысты емес.

 

5. Жақында мен БЖЗҚ-ға міндетті жарналардан басқа ерікті зейнетақы жарналарының да аударылатынын оқыдым. Олардың артықшылығы неде?

 

Ерікті зейнетақы жарналары(ЕЗЖ) – бұл салымшының бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға өз пайдасына, не өзге зейнетақы төлемдерін алушының шотына аударатын ақша. Ерікті зейнетақы жарналарын жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады. Тіпті кәмелетке толмағандардың өзі ЕЗЖ туралышарт жасай алады. Бірақ мұндай кезде қажетті құжаттар пакетінзаңды өкіл ұсынуы керек.

ЕЗЖ артықшылықтарының бірі – салымшы олардың мөлшері мен кезеңділігін өз бетінше анықтай алады. Сонымен қатар, сіздің жинақтарыңызға міндетті зейнетақы жарналарыңыз сияқты активтеріңізді көбейтуге мүмкіндік беретін инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді 50 жастан бастап алуға болатындығын жағымды бонус деп қабылдауға болады.

ЕЗЖ бойынша өз пайдасына жеке зейнетақы шотын enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен ашуға болады. БЖЗҚ кеңсесіне жеке куәлікпен келу керек. Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге болады. Айтпақшы, олардың кейбіреулері ерікті зейнетақы жарналарын ұялы қосымша немесе терминалдар арқылы төлеу қызметін ұсынады.

Егер салымшы ЕЗЖ туралы шартты өз пайдасына жасаса, онда оның жеке куәлігі ғана жеткілікті. Егер үшінші тұлғаның пайдасына болса, онда екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар қажет болады. Заңды тұлғалар enpf.kz сайтындакөрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанында БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 56,5 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты ашылды. Оларда2,14 млрд теңгеденастамқаражатжинақталған.