Үштөбе қаласының әкімі Р.Бекбосыновтың халыққа есеп беру қорытындысының тезисы

Submitted by admin on Дс, 01/13/2020 - 03:03

Үштөбе қаласының әкімі Р.Бекбосыновтың халыққа есеп беру қорытындысының тезисы

 

            Үштөбе қалалық округі 4 әкімшілік-аумақтық бірлігінен құралады –олар Үштөбе қаласы, Ойсаз, Үшкөмей және Достық ауылы. Үштөбе қалалық округінің тұрғындар саны – 28247 адамды құрайды,

           2019 жылы қала әкімінің қала тұрғындарымен жеке 30 қабылдауы өткізілді, олар үй мәселесі, жер мәселесі, материалдық көмек  көрсету туралы, су мәселесі және т.б сұрақтар бойынша. Ұсыныстар мен ескертулер бойынша іс-шара жоспары құрылып өзекті проблемалар мүмкіншілігіне қарай жергілікті орган деңгейінде шешімін тапты. Ұсыныс бойынша қаржыландыруды талап ететін мәселелер 2020 жылдың жоспарына енгізілді.

Әлеуметтік сала

         2019 жылдың 12 айына тіркелген жұмыссыз азаматтар саны жалпы 765, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалғандар саны 813, жалпы жұмыспен қамтылғандар 483, тұрақты жұмыспен қамтылғандар 420, қысқа мерзімді оқуға жіберілгендер 138, әлеуметтік жұмыс орнына жіберілгендер 8, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны 154, бастау-бизнес оқығандар 11, микрокредит алғандар 12. Жастар практикасына 55 жас маман жіберілді.

Әлеуметтік көмек

2019 жылдың 12 айына атаулы әлеуметтік көмекке  жағдайы төмен тұратын 1331 отбасына оның ішінде 5439 адамға 682 млн 947 мың 035 теңге әлеуметтік көмек  тағайындалды  (2018 ж 561 отбасы оның ішінде 2561  адамға 116 млн 999 мың 177 теңге).

Салық және бюджет

2019 жылы жоспар бойынша бюджет 118 млн 659 мың теңге, жиналғаны 126 млн 767 мың теңге орындалу пайызы 106,8%.

Ауыл шаруашылық саласы

          2019  жылдың 12 айына  жиналған көкөніс 19 мың 530 тонна, жиналған бақша дақылдары  2 мың  380 тонна, қант қызылшасы 13 га жерге егілді, бүгінгі күнге  11 га жерден  321 тонна өнім алынды,  майбұршақ 150 га,  135 тонна өнім алынды, өнімділігі 9 ц, көпжылдық шөп 615 га, жиналғаны 116 мың 85  тонна, өнімділігі 1,9 ц, қыстық бидай 47 га, жиналғаны 79,4 тонна өнім, өнімділігі 16,9 ц, күзгі бидай  80 га, жиналғаны 103,2 тонна өнім, өнімділігі 12,9 ц, арпа 330 га, жиналғаны 392,7 тонна өнім, өнімділігі 11,9 ц. Күріш алқабы 343 гектар жерге егіліп, жиналғаны 1175,4 тонна өнім алынды, өнімділігі 34,2 ц

Құрылыс бойынша

           Үштөбе қаласында 60 пәтерлі жалгерлік үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желісінің құрылыс жұмыстарына «АЙСАНА-ПІРМАН» ЖШС-мен 26,1 млн.теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстараяқталып, 2019 жылы 14 қазанда пайдалануға берілді.

           Үштөбе қаласы Шаңырақ шағын ауданы №14 үйде 30 пәтерлі    жалгерлік үйдіңқұрылысына мердігер «Шымыр» ЖШС-мен 319,7 млн.теңгеге келісім-шарт жасалып, бүгінгі күнге 212,8 млн.теңгесі игерілді. нысанның аяқталуы 2020 жылға жоспарлануда.

Жолдар

Үштөбе қаласы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 158,1шм. құрайды. Қатты жабындысы бар жол 75 шақырым немесе 40,2% құрайды.

Қалалық округ бойынша 164 көше бар, ұзындығы 143 шм, оның 27-не ғана түнгі жарық жүргізілген, ол 20% құрайды. Ағымдағы жылдың  жаз айларында  Қабанбай батыр, Тілеуқұл батыр, Момышұлы және Жолбарыс батыр, Морозов, Бактыбай және Достық ауылындағы Әуезов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру саласы

 Білім беру жүйесінде 7 жалпы білім беретін мектеп (4459 бала,   2018 жылы 3982 бала) , 5 балабақша (№97, №25, Балбөбек және жеке меншік «Нұр», «Мақсат») (821 бала, 127 тәрбиеші, 2018 жылы 891 бала, 90 тәрбиеші), екі мектептен тыс мекеме 1 балалар шығармашылығы орталығы, 1 оқу өндірістік кәсіпорны жұмыс істейді.

  2019 жылы мектеп бітірген түлектер саны 156 оқушы, оның ішінде  алтын белгіге бітірген 16 оқушы, үздікке бітірген 10 оқушы. жоғарғы оқу орындарына түскен 97 оқушы, шет мемлекеттерге оқуға түскен 3 оқушы, колледжге түскен 46 оқушы. Биылғы  оқу жылында ыстық тамақпен 470 оқушы қамтылған. 

Мәдениет және спорт

Үштөбе қаласында 1 аудандық мектеп кітапханасы бар. Қала округі бойынша 59 спорттық обьектілері бар: 1 спорт алаңы, 11 спорт залы, 40 жалпақ құрылым, 1 балалар спорт мектебі, жаңа ашылған спорт алаңы, көшедегі баскетболға, волейболға арналған жаттығу алаңы, 1 шағын футбол алаңы, және  спорт кешені «Панда».

Денсаулықсақтау саласы

Үштөбе каласының орталығында аудандық орталық емхана орналасқан Бүгінгі күні 78 дәрігер, 314  орта  буынды дәрігерлер жұмыс атқарады. Молдағұлова көшесінде орналасқан  аудандық емхана бөлімшесінде 2 дәрігер, 6 медбике жұмыс атқарады. Үшкөмей ауылында 1-ФАП жұмыс істейді. Орталық емхананың дәрігерлері күніне 500 адам қабылдайды.