БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетілді

Submitted by admin on Сс, 02/11/2020 - 05:29

БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетілді

 

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қызметтерін көрсету аясында 16,9 млн операция орындалса, олардың 80 пайызы (13,6 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2018 жылмен салыстырғанда өсім 36 пайызға жетті. Дейтұрғанмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерін алу үшін тікелей Қор мамандарына жүгінгенді қалайды. Еліміз бойынша күн сайын БЖЗҚ-ның барлық кеңселерінде шамамен 13 мың операция орындалады.

2019 жылы сәуір айында БЖЗҚ шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту үшін Қазпоштамен бірге осы ұлттық оператордың бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметтерін көрсету бойынша ортақ жобаны іске қосқан еді.   

Қордың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде орналасқан Қазпошта бөлімшелерінің операторлары оқыту курсынан өткен соң, келушілерге зейнетақы қызметтерін көрсете бастады. Осылайша қазіргі және болашақ салымшылар БЖЗҚ-ның әр түрлі қызметтерін, оның ішінде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін интернет-байланысы тәсіліне ауыстыру қызметін алуға қол жеткізіп, Қазпошта бөлімшелері арқылы транфер-агенттік қызмет көрсету аясында барлығы – 1 298 операция жүзеге асырылды.